Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арман» рақымшылыққа ілікпейді – Бас прокуратура

Автор: Аягөз Құрмаш

Тағы 20 адам рақымшылыққа ілікпейді

Фотоколлаж

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенат отырысының кулуарында рақымшылыққа жатпайтындар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қаңтарда тәртіпсіздік ұйымдастырған 20 азаматқа қатысты қылмыстық істер рақымшылыққа ілікпейді. Оның ішінде Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің істері де бар», - деді Әсет Шындалиев.

Айта кетейік, тамызда мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі ұзартылған болатын.