Оралда 12 жастағы бала көлік ұрлап, оны бағанаға соққан

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция жас қылмыскерді ұстады

Фото: ашық дереккөзден

Зашаған ауылында жасөспірім Toyota Camry көлігін ұрлап кетіп, оны бағанаға соқты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy "Мой город" порталына сілтеме жасап. 

БҚО полиция департаменті хабарлағандай, келтірілген шығын 6,5 миллион теңгеге бағаланды. Көп ұзамай көлікті айдап әкеткен адам ұсталып, көлік иесіне қайтарылды.

Кейін белгілі болғандай, бала туған жеңгесінің көлігін ұрлап кеткен. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін ата-анасына хаттама толтырылды.