Қаңтар оқиғасы кезінде көлігі бүлінген азаматтарға 567 млн теңге төленді

Автор: Әйгерім Ердәулет

Өтініштерді аудан әкімдіктері келіп түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы әкімдігі қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген автокөлік иелеріне өтемақы ретінде 567 млн теңге төленді, деп хабарлайды Azatyyq Ruhу.

«Қазіргі уақытта Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 143 өтінім келіп түсті. Жеке тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тетігіне сәйкес (Үкіметтің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 қаулысымен бекітілген терроризм актісі нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу Ережелеріне сәйкес) жалпы сомасы 566,7 млн теңгеге барлық 143 өтінімге қолдау көрсетілді»,- деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.

Өтініштерді аудан әкімдіктері келіп түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау өтініш тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде белгіленеді және оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. Жұмыс әлі жалғасып жатыр екен.