Атырау облысында жол апатынан зейнеткер көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 21 қазанда Құлсары – Сарқамыс тасжолында болған

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Атырау облысында жол-көлік апаты салдарынан зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 қазанда кешкі уақытта Құлсары – Сарқамыс тасжолында болған.

«Niva және Lada көліктерінің соқтығысуы салдарынан Niva көлігінің 64 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды», - деді Теңіз полиция бөлімшесінің патрульдік полиция ротасының взвод командирі Дастан Шекин.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.