Атырау облысында жеңіл көлік автобусқа соғылып, бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 20 қазанда 13:00 шамасында болған

Фото: instagram.com/atyrauoil.official/

Атырау облысында жол-көлік апатынан бір қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, қайғылы оқиға 20 қазанда 13:00 шамасында болған.

«Еркінқала-2 елдімекенінде 40-шы көше мен 5-ші көше қиылысында Skoda маркалы автокөлік 5-ші көшемен, басты жолда келе жатқан Yutong маркалы қоғамдық автокөлікке жол бермей, соның салдарынан жол апаты болған. Соққы екпінінен автобус сол маңдағы үй қоршауына соғылған. Жол апаты салдарынан 1966 жылғы Skoda маркалы автокөлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, іс-құжаттары жинақталып жатыр.