Қайғылы оқиға 17 қазанда Байғанин ауданында болған
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан зейнеткер қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 17 қазанда Байғанин ауданы Жарлы ауылынан екі шақырым жерде, Ақтөбе – Астрахань автожолында болған.
«Nissan X-Trail автокөлігі жол жиегіне аударылып кеткен. Көлік тізгінінде 28 жастағы қыз болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 69 жастағы жолаушы әйел Байғанин ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Онда зейнеткер алған жарақатынан қайтыс болды», - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.