Одан 10 кг аса психотроптық зат табылды
2022 жылғы 13 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде контрабандалық есірткінің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қырғыз Республикасы азаматының басқаруындағы көлікті тексеру кезінде 10 кг аса психотроптық зат табылды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.