Петропавл әкімдігінің қызметкері жалған бизнес-жобаларды рәсімдеумен айналысқан

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті екі айға үй қамауына алынды

Фото: ашық дереккөзден

Петропавл әкімдігінің басқарма маманы бизнес-идея авторларына арналған гранттарды жалған құжаттармен рәсімдеп отырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманына қатысты қылмыстық істі тіркеді. Ол бизнес-идеяларды іске асыруға арналған «Еңбек 2017-2021» мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттарды ресімдеумен айналысып келген.

«Тергеу барысында бағдарламаға қатысушылар бөлінген ақшалай қаражатты алмағаны және қылмыс жасауға қатысы бар адамдардың жеке мақсаттары үшін пайдаланбағаны анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Петропавл қаласының соты күдіктіге қатысты 2 айға дейінгі мерзімге бұлтартпау (үйқамақ) шарасын қолданды», - деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.