Солтүстік Каролинадағы атыс: АҚШ-та биыл 25 рет жаппай кісі өлтіру оқиғасы тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Атыстан қаза тапқандар арасында полиция қызметкері де бар

Видеодан кадр

АҚШ-та Солтүстік Каролина штатының астанасы Ролиде атыс болып, бес адам қаза тапты, екеуі жараланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Euronews хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында қызметтен тыс уақытта демалып жүрген полиция қызметкері де бар.

Атыс қала орталығының солтүстік-шығыс жағындағы саябақ аймағында болған. Күдікті қамауға алынды, полиция оны ақ нәсілді кәмелетке толмаған ер адам деп сипаттады.

Айта кетерлігі, бұл 2022 жылғы АҚШ-тағы 25-ші жаппай кісі өлтіру оқиғасы болып отыр.