Сондай-ақ 5 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді
Түркістан облысында автобус пен «ГАЗель» көлігі соқтығысып, соның салдарынан бір адам ажал құшты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
13 қазанда Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Видео әлеуметтік желіден алынды.
«Оқиға орнына бірден полицейлер шықты. Анықталғандай, таңғы сағат 08:00 шамасында Самара – Шымкент тасжолында ГАЗель автокөлігі мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысқан. Жол апаты салдарынан автобус жолаушыларының бірі, Түркістан қаласының тұрғыны алған дене жарақаттарынан қайтыс болды», - длінген хабарламада.
Сондай-ақ 5 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі кезде бұл жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.
Қарсы бағытқа шығып кеткен «ГАЗель» көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.