20 жылдан бері сотталған әйелді туыстары өлді деп ойлаған

Автор: Azattyq Rýhy

Алтынгүл Баязиева колонияда ағасымен кездесті

СҚО-да 20 жылдан бері сотталған әйелді туыстары өлдіге санаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қыркүйекте Петропавл әйелдер колониясында ашық есік күні өткен болатын. Іс-шараның басты оқиғасы сотталған Алтынгүл Баязиеваның өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды оңалту орталығында тұрған 8 жастағы қызымен көптен күткен кездесуі болды. 3 жыл ажырасқаннан кейін отбасының бірігуі БАҚ-та жарияланды.

8 қазанда ер адам әйелдер колониясына жүгініп, өзін сотталған Баязиеваның туған ағасы екенін мәлімдеді. Жиенімен байланыс 20 жыл бұрын анасы, яғни ер адамның әпкесі қайтыс болғаннан кейін үзілді. Осы уақыт ішінде сотталғанның туыстары оның қайда екенін білмей, оны қайтыс болды деп санайды.

10 қазанда ер адам бас бостандығынан айыру мекмесіне жиенімен қысқа мерзімді кездесу үшін келген. 8 жыл бойы ол мектеп директоры болып жұмыс атқарып жатыр. Белгілі болғандай, ер адам сотталғанның туған ағасын да тәрбиелеп өсірген, енді ол балалар үйінен А. Баязиеваның қызын уақытша алып кетуді жоспарлап отыр.

«Жұма күні таныстарым маған ашық есік күнінен жаңалықтар видеосын жіберді. Мен бірден жиенімді, туған қанымды таныдым. Сол сәтте қандай эмоцияларда болғанымды білмеймін. Көптеген жылдар бойы іздеулерден кейін ол тірі және сау болып шықты және оның қызы да бар. Енді мен оны анасы босатылғанға дейін өз қамқорлығыма алуды жоспарлап отырмын. Бұл мәселені біз талқыладық, Алтынгүл қарсы емес. Маған көмектескендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді. Кім біледі, егер ол жаңалықтарда көрсетілмесе, біз тағы кездесер ме едік», – дейді ер адам.  

«Босатылғаннан кейін бізбен бірге тұрасың. Бұл туралы алаңдама, ешкім қарсы емес. Енді біз сені ешқашан жоғалтпаймыз», – осындай әсерлі нотада ағасы мен жиенінің 20 жылдағы алғашқы әңгімесі аяқталды.