Қызметтік ит шекарадан есірткімен өтпек болған адамды анықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Ұсталған орта жастағы азаматтың Өзбекстан елінің тұрғыны екені анықталды

Түркістан облысында қызметтік иттің көмегімен шекарадан есірткі алып өтпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек Жолы шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. 

«Онда Пайк атты қызметтік ит Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға белгі береді. Күдік тудырған азаматты тоқтатып, тексеру кезінде оның күртешесінің оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылады. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның марихуана есірткісі екені расталды», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ ұсталған орта жастағы азаматтың Өзбекстан елінің тұрғыны екені анықталды. 

Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.