Ресей Украинаға 75 зымыран атқан
Украинаның әуе қорғанысы Ресейден атылған зымырандардың жартысынан көбін атып түсірді. Бұл туралы Украинаның Бас қолбасшысы Валерий Залужный мәлімдеді деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі dw.com-ға сілтеме жасап.
«Ресей Украинаға 75 зымыран атқан. Әуе қорғанысы күштері олардың 41-ін құлата алды», - деді генерал Залужный.
Ал Украинаның Кривой Рог қаласының мэрі Астраханнан тағы да зымыран соққысы болады деп отыр.
«Астраханнан Украинаға 47 зымыран ұшады. Ұшудың болжамды уақыты – 11.00, тіпті одан ертерек болуы мүмкін», - деді Кривой Рог қаласының мэрі Александр Вилкул.
Айта кету керек, Қазақстан уақыт жағынан Украинадан 3 сағат алда. Қазірше Астарханнан жасалған шабуылдар туралы мәлімет жоқ.