Жаңаөзенде 22 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 7 қазан күні үйінен шығып кеткен 

Жаңаөзенде 22 жастағы қыз жоғалып кетті, хабарлайды Azattyq Ruhy «Ладаға» сілтеме жасап.

Ол 7 қазан күні үйінен шығып кеткен. 

Жоғалған 22 жастағы Әйгерім Ержанбаеваның туыстарының айтуынша, қыз 7 қазан күні хат қалдырып, кешке үйден шығып кеткен. Хатында ол өзін кешіруді сұраған.

Бойжеткеннің туыстары полицияға арыз жазды, олар қазіргі уақытта іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қандай да бір ақпарат білетін жандар болса мына нөмірлерге хабарласуға болады: +7 701 923 2323, +7 708 729 3708.