ҚР ҰҚК Алматы департаменті бастығының бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Талғат Мұқановтың үстінен алаяқтық бойынша іс қозғалған

Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұқанов сот шешімімен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Белгілі болғандай, Талғат Мұқановтың үстінен алаяқтық бойынша іс қозғалған.

«Қазіргі кезде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Т. Мұқановқа және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр», - делінген агенттік хабарламасында.

Ведомство өкілдері 5 қазанда Талғат Мұқановтың сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауға алынғанын мәлімдеді.    

«Тергеу мүддесіне орай өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.