31 жастағы күдікті де Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілді
30 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысындағы аудандық аурухананың қызметкері пышақ жарақатын алған. 27 жастағы жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сағат 13.22-де Ақжайық ауданы Чапаево ауылындағы орталық аудандық аурухананың жедел жәрдем бөліміне пышақ жарақатынан зардап шеккен 27 жастағы әйел жеткізілген. Ол құрсақ қуысы, кеуде және мойын тұсынан пышақ жарақатын алған.
«31 жастағы күдікті анықталды. Ол да дене жарақатымен Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы және 99-бабының 2-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің облыстық ауруханада қосымша қызметкер болып жұмыс істейтінін растады.