Астанадағы көп қабатты тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Тілсіз жауды сөндіруге 25 адам және 5 техника жұмылдырылды

Астананың сол жағалауындағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растады.

«Бүгін сағат 13:34-те Сығанақ көшесі, 20 мекенжайындағы үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенде 16-қабаттың сыртқы бөлігі өртеніп жатқаны анықталды. Сағат 14:08-де өрт толық сөндірілді. Тілсіз жауды сөндіруге 25 адам және 5 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.