Қызылорда облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, 5 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды

Қызылорда облысында Самара – Шымкент тасжолында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

«3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент – Самара тас жолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысу салдарынан​ болған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталу үстінде.