Қостанайда бір апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі өзеннен табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша полицейлер тергеу жұмысын бастады

Фото: ng.kz

Қостанай қаласында бір апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Белгілі болғандай, қала тұрғыны 22 қыркүйекте полицияға арызданып, әйелінің жоғалып кеткені туралы айтқан.  

«29 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25-те Үлкен көпір маңында әйел адамның денесу жатуы мүмкін деген хабар түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы марқұмның 22 қыркүйекте жоғалып кеткен Қуаныш Бермұхамбетова екені белгілі болды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Аталған дерек бойынша полицейлер тергеу жұмысын бастады.

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.