«Қазфосфатта» тағы бір адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 13 қыркүйекте болған

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында ер адам жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қыркүйекте сағат 16:20 шамасында Сарысу ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудандық ауруханадан “Қазфосфат” өндіріс орнына тиесілі орталық байыту фабрикасы ғимараты шатырының тақтайшасы құлап кетіп, ғимарат ішінде жұмыс жасап жүрген үш қызметкердің түрлі дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түсті.

Салдарынан кәсіпорынның 58 жастағы жұмысшысы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ, еңбек инспекциясымен арнайы тексеріс жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық және сот-құрылыс сараптамалары тағайындалды.