14 жастағы жасөспірім пәтердің терезесінен құлап кеткен
Алматыда 14 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы қаласының Полиция департаменті мәлім еткендей, марқұм 2007 жылы туған.
«18-қабаттағы пәтердің терезесінен құлау салдарынан 2007 жылы туған жасөспірімнің қайтыс болды», - делінген ПД хабарламасында.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тиісті сараптама тағайындалды.