Өзіне қол жұмсаған жасөспірімнің зорланғаны расталмады – Маңғыстау полициясы

Автор: Azattyq Rýhy

Ақтауда 15 жастағы қыз бала биіктен секіріп көз жұмды

Видеодан кадр

Маңғыстау облыстық полиция департаменті кеше көпқабатты үйден секіріп өзіне қол жұмсаған жасөспірім қыздың зорланғаны туралы дерекке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Lada.kz басылымының жазуынша, өңірлік ПД 2006 жылғы кәмелетке толмаған қыз баланың арызы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген зорлау фактісі бойынша толық және объективті тергеу жүргізілгенін мәлімдеген.

«Тергеу барысында кәмелетке толмаған қздың уәждері толық тексеріліп, қажетті тергеу әрекеттері мен сот-медициналық сараптамалар (сот-медициналық, психологиялық және психиатриялық) жүргізілді. Солардың нәтижесінде зорлау фактісі расталмады. Іс бойынша прокуратурамен келісілген қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтату туралы қаулы шығарылды. Осыған ұқсас қылмыстар бойынша әрбір дерек толық тексеріліп, қажетті тергеу әрекеттері мен тиісті сараптамалар кешені жүргізіледі», - делінген ПД хабарламасында.

Тақырыпқа орай: 9 жыл бойы ағалары зорлап келген: Ақтауда жасөспірім өзіне қол жұмсап көз жұмды

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда қыз баланың биіктен секіріп көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз.