Оқ атқан 25 жастағы күдікті ұсталды
Иркутс облысының Усть-Илимскі қаласында 25 жастағы ер азамат әскери комиссариатта оқ жаудырған. Салдарынан шақыру комиссиясының бастығы жарақат алып, өте ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy "Инцидент Усть-Илимск" телеграм-каналына cілтеме жасап.
Оқ атқан 25 жастағы Руслан Зинин есімді жергілікті тұрғын екені анықталды.
Иркутск облыстық полициясының баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.