Жанып жатқан аумаққа өрт сөндірушілер көлікпен шыға алмайды
Алматының Төтенше жағдайлар департаментіне Көкжайлау шатқалында құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама таңғы 09:44-те түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға орнына жоғары ранг бойынша Алматы қаласы ТЖД, «Іле-Алатау» Ұлттық паркінің қызметкерлері жұмылдырылған.
«Оқиға орнына көлікпен бару мүмкіндігі болмағандықтан, құтқарушылар жаяу көтеріліп жатыр. Төтенше жағдайлар министрінің өкімімен жедел ден қою үшін «Қазавиақұтқару» АҚ су ағызу құрылғысы бар тікұшағы да жұмылдырылды. Өрттің ауданы анықталу үстінде»,-деп мәлімдеді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.