Оқиға орнында Кербұлақ ауданының полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр
Жетісу облысында жол талғамайтын көлік аударылып кетті. ЖКО салдарынан бір адам көз жұмды, екі адам түрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды Polisia.kz
Жол апаты 23 қыркүйек күні таңертең Кербұлақ ауданының аумағында Toyota Land Cruiser Prado көлігінің қатысуымен болды. Болжам бойынша 39 жастағы ер адам көлік тізгінінде Қоғалы-Қарабұлақ автожолының 84-шақырымында көліктің аударылып кетуіне жол бергені анықталды.
Жол апатынан жеке басы әлі анықталмаған жолаушы ер адам қайтыс болды. Жүргізуші мен жолаушы жақын маңдағы ауруханаға түрлі жарақаттармен жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің айғағы бойынша жүргізуші көлік жолына шығып бара жатқан атты айналып өтуге тырысқан. Қазіргі кезде айғақ тексеріліп жатыр.
Оқиға орнында Кербұлақ ауданының полиция қызметкерлері жұмысын жалғастыруда.
Аталған дерек бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес жүргізіліп жатыр.