Павлодар облысында 20 тонна сыраны шекарадан заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Алкоголь өнімінің тиісті құжаттары болмаған

Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысында 20 тонна сыраны шекарадан заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Найза» шекаралық автомобиль өткізу пунктінде 20 тонна сыраны заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді. Алкоголь өнімдерін заңсыз әкетудің аталған дерегі 15 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шеңберінде анықталған», - делінген комитет хабарламасында.

Құжаттарды қарау және тексеру барысында алкоголь өнімінің тиісті құжаттары болмағаны анықталды.