Қызылорда облысында кісі өлтірді деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жедел уәкілдер күдіктіні қала аумағындағы жалдамалы пәтердің бірінен тапқан

Қызылорда облысында кісі өлтірді деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«19 қыркүйек күні Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстары барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 11-тармағымен (Адам өлтіру) күдікке ілініп, тергеуден бой тасалап, 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласынын тұрғыны қолға түсті», - делінген хабарламада.

2021 жылы күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

«Жедел уәкілдер күдіктіні қала аумағындағы жалдамалы пәтердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұстаған», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол Қызылорда қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.