Батыс Қазақстанда есірткіге масайған жүк көлігінің жүргізушісі үш баланы қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

БҚО-да есірткіге масайған жүк көлігінің жүргізушісі үш баланы қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 тамыз күні түскі сағат 14:10 уақыт шамасында ГАЗ-53 автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші 30 мектепке қарама-қарсы аялдамасында 3 кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кетті.

Жол апаты салдарынан 2009, 2010, 2011 жылғы кәмелетке толмаған балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Медициналық сараптамаға сәйкес жүргізуші каннабиноидтарды (марихуананы) пайдаланудан туындаған есірткіге мас болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.