Оқиға 18 қыркүйек күні болған
Шідертіде Mercedes жеңіл көлігі жанармай бекетіне соғылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Павлодар - Қызылорда тас жолының бойында, Шідерті кентіндегі жанармай бекетінде сағат 12:30 шамасында болған.
«Mercedes-Benz көлігінің 30 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, көлік тізгініне ие бола алмай бекеттің жанармай құятын бағанына соғылған. Оқиға салдарынан көлік механикалық жағынан зақымданған, ал жанармай бекетіне шығын келтірілген», - деді департаментте.
Көлік жүргізушісі ҚР ӘҚБжК 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.