Павлодарда электр энергиясын тарататын компания 583 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті қаладағы электр энергиясын жеткізу және таратумен айналысатын компанияға қатысты монополистік әрекет белгілеріне байланысты тексеру бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Кәсіпорынның 2019-2020 жылдардағы есептілікке сенімсіз кәсіпорындармен 583 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мәмілелер жасалғаны туралы күдік бар. Бұл, өз кезегінде, көрсетілген мерзімде тарифтік жоспардың өсуіне әсер етуі мүмкін», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

«Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген хабарламада.