Оралда көлік жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді

Оралда көлік жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 15 қыркүйек күні түнгі 00:30 уақыт шамасында болған.

«Volkswagen Golf III көлігін тізгіндеген 21 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай Грэмми мейрамханасының жанында жол жиегінде жүріп келе жатқан 21 жастағы және 20 жастағы екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Видео әлеуметтік желіден алынды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.