Павлодарда түнде саман үй жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Павлодарда түнде саман үй жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қыркүйекте сағат 01:52-де өрт сөндіру бөлімінің «101» байланыс пунктіне М.Исиналиев көшесі, 29а мекенжайы бойынша өрт туралы ақпарат түскен. 

Бірінші бөлімшелер келгенде жеке меншік үй аумағында 60 шаршы метр алаңда шатыры ішінара опырылып, саман үй толығымен жанып кеткені анықталды.

«Өртті сөндіруге Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 5 техника мен 10 адам қатысты. Азаматтық қорғаныс қарауыл бастығы аға лейтенанты Кәрімжанов, бөлімше командирі старшина Нұрмағамбетов және қатардағы өрт сөндіруші Еслямхан оқиға орнынан екі газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды», - дейді департаментте. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде тілсіз жау сағат 03.30-да ауыздықталып, 04-45-те сөндірілді.

Өрттің себебі мен келтірілген материалдық залал анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: