Аталған фактіге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр
Павлодарда жолдан дұрыс өтпеген тұрғынды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қыркүйекте сағат 14:00-де Торговая көшесіндегі трамвай басқармасының жанында «Лада Гранта» көлігінің 53 жастағы жүргізушісі жолдың тыйым салынған бөлігінен кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 62 жастағы зардап шегуші жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», - деді департаментте.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыс аумағында 318 ЖКО тіркелді, онда 50 адам қаза тапты, тағы 501 адам жарақат алды.