Үндістанда мектеп автобусы шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

20 жолаушы ауыр жарақат алды

Үндістанда мектеп автобусы шатқалға құлап, шамамен 16 адам қаза тапты. 20 жолаушы ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

The Sun басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға Үндістанның Джамму және Кашмир аймағында таңғы уақытта болған.

Балаларды Манди қаласына апара жатқан жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған, соның салдарынан автобус жолдан шығып, шатқалға ұшып кеткен.

Оқиға кезінде көліктің іші лық тола адам болғаны хабарланды.

Қайғылы жол апаты салдарынан 20 адам зардап шекті, кем дегенде 16 адам қаза тапты. Жолаушылардың көпшілігі мемлекеттік мектептің оқушылары болған.

Полиция зардап шеккен жолаушылардың бәрі дерлік өлім аузында жатқандықтан, құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтты.