Ақтөбеде алаяққа алданған әйел 6 млн теңгесінен айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақтөбелік әйел 6 млн теңгеден астам қаражатын алаяққа беріп қойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Белгісіз біреу 55 жастағы әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін қаржы ұйымының қызметкері ретінде таныстырып, инвестициядан ақша табуды ұсынған. Жәбірленуші әйел телефондағы қосымша арқылы қаскүнемдер көрсеткен шотқа 6,7 млн теңге ақша салған", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті сақ болуға, алдаулар мен азғыруларға бой алдырмауға шақырады.