4 ересек адам мен 3 бала ауруханаға жеткізілді
Алматы облысында болған жол-көлік апатынан төрт ересек адам мен үш бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласының маңында Mitsubishi Galant және ВАЗ-2106 көліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол-көлік апатына ұшыраған жеті адам жақын маңдағы ауруханаға медициналық тексеруден өту үшін жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында үш бала бар», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Талдықорған – Үштөбе тасжолының 32-шақырымында «Жигули» көлігінің 39 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, шетелдік көлікпен соқтығысқан.
Оқиға орнында Қаратал аудандық полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.