Шымкентте ер адам бірге тұратын әйелін қызғанып, өлтіріп қойған

Автор: Azattyq Rýhy

Ол полицияға жасаған қылмысын айтып, өзі хабарласқан

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте ер адам бірге тұратын әйелін қызғанып, өлтіріп қойған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

31 тамыз күні 50 жастағы күдікті Шымкент полициясына өзі хабарласқан.

Ер адамның өзімен бірге тұратын әйелді қызғанып, оған пышақпен шабуыл жасағаны анықталды. Әйел оқиға орнында көз жұмған.

Тәртіп сақшылары «Кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті УҰИ-ға қамалды.

Тергеу амалдары басталды.