Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 30 тамызда сағат 08:00-де Ломов көшесі, 180 үйге қарама-қарсы өткелде болған. 

«Лада Приора» маркалы автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздік ережесін сақтамай 1977 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, - деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Алтынбек Медияров.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері сараптама тағайындалғанын және автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Тексеріс жүргізіледі. Айта кетейік, ағымдағы жылы облыс аумағында 263 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 44 адам қаза тапты, 403 адам жарақат алды.