Жамбыл облысында қызы өз әкесінен 600 000 теңгеден астам ақша ұрлаған

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті қыз ұсталып, өз кінәсін мойындады 

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында қызы өз әкесінен 600 000 теңгеден астам ақша ұрлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. 

Полицияға 60 жастағы ер адам арызданған. Ол бір апта ішінде қызы ұялы телефондағы банктің мобильдi қосымшаcының көмегімен, жеке есеп шотынан өзіне 600 000 теңгеден астам ақша аударып алғанын айтады. 

Жамбыл облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Шу ауданында болған. Жергілікті полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру кезінде 34 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. 

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нiң 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді»,-делінген хабарламада.