Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Павлодарда бірнеше көлік соғысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Куәгерлердің айтуынша, «Metro» дүкенінің аумағында «Volkswagen» көлігінің жүргізушісі «Lada Priora» көлігімен соқтығысқан. Содан кейін ол тағы екі көлікке тиіп, бірнеше рет аударылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау 29 тамыз күні сағат 22:15-те түскен.
"Жол апатынан 25 жастағы екі жігіт зардап шекті. Олардың бірінде дәрігерлер биологиялық өлімді тіркеген. Екінші ер адамның сол жақ сан сүйегі көгерген және сынған. Ол бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді, - деді басқармада.
Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.