Павлодарда сыртқа шығуға ерінген тұрғын қоқысты терезеден лақтырған

Автор: Azattyq Rýhy

Оның бұл әрекетіне қатысты көршілері полицияға шағым түсірген

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда сыртқа шығуға ерінген тұрғын қоқысты терезеден лақтырған. Гагарин көшесінде орналасқан үйдің тұрғындары көшіп келген көршісінің іс-әрекетіне қатысты полицияға шағым түсірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам терезеден қоқыс лақтырып, тұрғындардың ескертулерін елемеген. 

«Тәртіп сақшылары шақыртуға келгенде бірінші қабаттың терезелерінің астында қоқыс жатқанын анықтады. Қоқыс тастаған пәтер иесі үйден шығып, қоқысты қоқыс контейнеріне апаруға ерінгенін айтты», - деді департаментте. 

Жоғарыда аталған жайт бойынша тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл  салынды.

Айта кетерлігі, өңірде 4822 тұрғын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.