Тағы екі адам ауруханада жатыр
Қызылорда облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тамыз айының 23 күні сағат 16:00 шамасында Самара – Шымкент тас жолының Қармақшы ауданы, Төребай би ауылының тұсында Volkswagen Transporter автокөлігімен қарсы бағытта келе жатқан Audi автокөлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмса, екі автокөліктің екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті Қазақстан Республикасы ҚК-дің 345-бабының 4-бөлігімен СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды, белгіленбеген жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды ескертеді.