Павлодарда 10-қабаттан секірген қыздың жағдайы ауыр – дәрігерлер

Автор: Azattyq Rýhy

Жасөспірімді үш жігіт жабылып зорлаған

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда 10-қабаттан секірген қыздың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыздың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп санауға болады.

«Бұл құлау кезіндегі жарақаттарға және басқа да жағдайларға байланысты. Қазіргі уақытта қарқынды ем қажет, содан кейін ұзақ мерзімді оңалтудан өтуі тиіс», - дейді дәрігерлер. 

Зардап шеккен жасөспірім қарқынды күтім үшін анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды. 

Естеріңізге салайық, жантүршігерлік оқиға туралы «НеМолчиKZ» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында жазды. Үш жігіт 16 жастағы жетім қызды алаяқтық жолмен пәтерге кіргізіп, жабылып зорлаған. Бұл жағдайды көтере алмаған жасөспірім 10-қабаттағы терезеден секіріп кеткен.   

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды. Күдіктілер қамалды.