$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2022, 11:31
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда қайыр сұрап жүрген 40 шетелдік елден шығарылды

Оның ішінде 30 азаматты полицейлер Өзбекстанмен шектесетін мемлекеттік шекараға дейін мәжбүрлеп шығаруды ұйымдастырған

Нұр-Сұлтанда қайыр сұрап жүрген 40 шетелдік елден шығарылды
Фото: ашық дереккөзден

Астанада 8 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту мақсатында "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен елорда көшелерінде қайыршылықпен айналысатын 40 шетелдік азамат елден шығарылды. Оның ішінде 30 шетелдік азаматты Нұр-Сұлтан қаласының полициясы Өзбекстанмен шектесетін мемлекеттік шекараға дейін мәжбүрлеп шығаруды ұйымдастырды, 10 шетелдік азамат елден өз бетінше кеткен, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері көші-қон туралы заңнаманың түрлі бұзушылықтары үшін 288 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Серіктес жаңалықтары