$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2022, 17:56
Оқиғалар

Ақтөбеде қабаған ит екі баланы қауып алды

Иесі жауапқа тартылды

Ақтөбеде қабаған ит екі баланы қауып алды

Ақтөбеде қабаған ит екі балаға шабуылдады, деп хабарлайды Polisia.kz.

16 тамыз күні сағат 19:30-да 102 нөміріне Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 75 мекен-жайында ит бірнеше адамды тістеген. Мән-жайды анықтау барысында сағат 19:20-да 10 және 16 жастағы кәмелетке толмаған балалар жоғарыда аталған мекен-жайдағы аулада ойнап жүрген. Осы кезде оларға жақын маңдағы стаффордшир бультерьер тұқымының иті шабуыл жасаған.

Балалардың бірінің ағасы итті көріп, оларды қорғауға тырысқан. Жағдайды көрген көршісі үйінен тіркелген қаруын алып шығып, итті атып, жарақаттады. Ветеринарлық қызмет келгеннен кейін итті ұйықтатып тастады.

Кәмелетке толмағандар ауруханаға «оң иық, білек, оң жамбас және сол жақ тізе тістеген жаралар» диагнозымен жеткізілді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері иттің иесін анықтады, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабының 2-бөлігі 1-тармағының 4-бөлігі (Қазақстан Республикасының жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Құрметті үй жануарларының иелері, үй жануарларын қадағалауыңызды сұраймыз. Иттерді серуендету кезінде қауіпсіздік шараларын (тұмылдырықты қолдану, тізгінді пайдалану және т.б.) және жануарларды ұстау ережелерін есте сақтау қажет. Ата-аналар, балаларыңызға сақ болыңыздар», – дейді Ақтөбе облысы ПД.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтөбе #ит талау