18.08.2022, 16:47
Оқиғалар
Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Жоғарғы сотының ресми сайтына сілтеме жасап.
«Осы жылдың 17 тамызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімнің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде параны алу кезінде ұсталды.
Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген.
Басқа ақпарат тергеудің мүддесі үшін жарияланбайды», - делінген хабарламада.
ҰҚК-нің Тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды