Бала ересектердің қарауынсыз қалған
Қарағандыда үш жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қарағандыда үш жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетіп, көз жұмды. Оқиға қаланың оңтүстік-шығыс тұрғын алабында болған. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен», - деп хабарлады бейсенбі күні ТЖД баспасөз қызметі.