Екібастұзда ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз

Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда 41 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, «103» қызметіне шақыру 2 тамыз күні сағат 17:00-де түскен.

"Жедел жәрдемнің бірінші санаты бойынша келген дәрігерлер зардап шегушінің қайтыс болғанын анықтады", — деп толықтырды  баспасөз қызметінде.

Облыстық полиция департаменті аталған фактіге қатысты әзірге ақпарат берген жоқ.