Ринат Жанқылыштың денесі әлі табылған жоқ
Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Ол 31 шілде күні кешқұрым Ортақшыл ауылының тұсында өзенге түсіп, қайта шықпаған. Аймақтық төтенше жағдай департаменті хабарлағандай, құтқарушылар 22:38-де Жайыққа бір адамның ағып кеткені туралы қоңырау алған.
Ринат Жанқылыш 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, ал 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетінде заңгер, экономист және мұнай-газ ісі мамандығы бойынша білім алған.
2018-2019 жылдары Атырау қаласы мәслихатының хатшысы, 2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары болған.