Ата-анасы кафеде отырған: БҚО-да 5 жастағы бала суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 28 шілдеде Жайық ауылындағы жағажайда болған

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында 5 жастағы бала суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы оқиеға 28 шілдеде Жайық ауылындағы жағажайда болған.

«Бала үрлемелі шеңбермен жүзіп жүргенде суға батып кеткен. Сол сәтте баланың ата-анасы мен туыстары жағадан 50 метр қашықтағы жазғы дәмханада отырған. Баланың жоқ кеенін байқағанда ғана оны іздей бастаған. Жағажай құтқарушылары баланың денесін іздеуге кіріскен 40 минут өткен соң тапқан», - делінген ТЖД хабарламасында.
Айта кетерлігі, оқиға суға түсуге жабдықталған орында болған.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.